Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа кардиохирургиялық орталықта болды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа кардиохирургиялық орталықта болды

Мемлекет басшысы Астанадағы жаңа кардиохирургиялық орталықта болды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта болып, онда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

  • 29 Маусым 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Осы кардиологиялық орталық арқылы біз халықаралық «Назарбаев Университетіне» қарасты барлық медициналық кластердің жұмысын тамамдайтын боламыз. Бұл ретте мен осы бағытта 2005 жылы жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының проблемаларын шешу туралы міндеттерді жүктеген едім. Ол кездері бір Қазақстан бойынша шамамен 900 операция істейтін едік. Қазіргі таңда біз бұндай 11 мыңға тарта операциялар жасау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Яғни осынша азаматтың өмірін сақтап қалып жатырмыз», — деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аталмыш Орталықтың Қазақстанда бұрын да болғанын айтып, бұның заманауи қондырғылармен жарақтандырылғанын да жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, нысан қолданысқа берілген соң оның базасында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық құрылады. Оның негізгі қызметі инновациялық медициналық технологиялар көмегімен жоғары маманданған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектер көрсету болып табылады. Бұдан бөлек, орталықта кардиохирургия саласындағы ғылыми шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, аталмыш Орталықта еліміздің өңірлеріндегі кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтарына ұйымдастыру-әдістемелік және консультативтік көмектер көрсетіледі.

Жалпы алғанда Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жылына шамамен 3 мың операция жасау жоспарланған. Оның ішінде 2 мың 500-і ересек адамдар үшін болса, 500-і балаларға арналады. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, былтырғы 2010 жылы ел бойынша 4000 осындай операциялар жасалған. Соңғы 20 жылда жүрекке жасалатын операциялар саны 11,7 есеге артқан.

Соңғы жаңалықтар