Мемлекет басшысы Атырау әуежайының құрылысын салу барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Атырау әуежайының құрылысын салу барысымен танысты

Мемлекет басшысы Атырау әуежайының құрылысын салу барысымен танысты

Бүгін, 21-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау әуежайындағы жаңа ұшу-қону алаңы, терминал мен қосалқы ғимараттардың құрылысын салу барысымен танысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Таратылған баспасөз баянына сәйкес, халықаралық Атырау әуежайының инфрақұрылымын жаңалау жұмыстары 2003-жылы басталған. Жаңалау жұмыстарының аясында жаңа ұшу-қону алаңын салу, жолдар мен перронды жаңалап кеңейту, жаңа жарықты-техникалық жүйе орнату көзделіп отыр.

Жаңа ұшу-қону алыңының құрылысы 2003-жылдың 15-қазанында басталды. Құрылыс жұмыстарына Түркияның ЕКО Construction and Pride Co. Ltd. компаниясы мердігерлік жасайды.
Жобаның жалпы құны 29 млн. АҚШ долларына тең. 2004-жылдың аяғына дейін 3,3 млн. доллар көлеміндегі қаржы игерілді. Қазіргі жағдаймен құрылыс техникасы жеткізіліп, асфальт зауыты іске қосылса, бетон зауытын салу жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен бірге қазба жұмыстары жүргізіліп, учаскені тазалау және жоспарлау жұмыстары тәмамдалып, топырақтың өсімдік қабаты тазартылып, қажетті тереңдікке дейін қазылды. Дренаж қабаты мен аяздан қорғайтын қабатты төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа ұшу-қону алаңы 2005-жылдың 8-қыркүйегінде пайдалануға беріледі.

Перейти к новостям спорта