«Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғарыш саласын дамытуға аса зор маңыз береді»,- деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.
«Қазір біз ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудамыз, сондай-ақ 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жүріп жатыр. Осылайша, Қазақстан ғарыштық державалардың қатарына қосылу үшін қарышты қадам жасауда»,- деді кәсіпорын директоры.
Т.Мұсабаев отандық ғарыш саласын дамытуда Қазақстанның алғашқы қадамдарды жасағанын атап өтті. «KazSat-1» ғарыш аппараты ұшырылды — бұл отандық ғарыш саласын дамытудағы аса маңызды оқиға болып табылады. Бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда: «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін және «Есіл» авиациялық кешенін құру, Байқоңыр ғарыш айлағында арнайы конструкторлық бюроны құру жұмыстары атқарылды», — деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті