Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады

Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады

Даулы аудиожазба бойынша Махамбет Абисатовқа қатысты тексеріс жүргізілді

  • 19 Шiлде 2019
  • 37
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Абисатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Абисатовтың орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.

Вице-министрге қатысты дау

Бұған дейін Желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланған болатын. Оның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.

Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан.


Ішкі істер министрлігінде аудиожазба бойынша орынбасарға қатысты тексеріс басталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар