Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады

Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды. Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.

  • 31 Қазан 2025
  • 5
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.

Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективасы жөнінде әңгімеледі.