«Сафуан ағаның биік адамгершілік пен асыл махабатты ту еткен тамаша шығармаларын талайлар оқып ержетті. Оның өзінің де жаратылысы шығармаларының басты кейіпкерлері сияқты болмыс-бітімі сұлу, жаны кіршіксіз таза әрі мөлдір еді. Халқымыз дарын иесін қаламгерлік шеберлігі үшін ғана емес, шындықты бетке айтатын турашылдығы үшін де ерекше құрмет тұтатын. Кездескен сайын маған да ел тағдырына қатысты ойларын бүкпесіз ашық айтып, қажетті қолдау көрсетіп, тілекші болып жүргенін ұмытпақ емеспін» делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті