Мемлекет басшысы білім және ғылым министрін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрін қабылдады

Мемлекет басшысы білім және ғылым министрін қабылдады

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

  • 22 Қазан 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Ж.Түймебаев президентке министрліктің жыл басынан бергі жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде баяндады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында орта білім беру жүйесінде интеллектуалдық мектептер құрылып жатқанын айтты. Қазақстандық жоғары оқу орындары Англияның, Германияның, Голландияның және әлемнің басқа да елдері жетекші оқу орталықтарының үздік лекторларын шақыруда.

«Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы және түлектеріміздің әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алуы үшін біздегі білім берудің сапасын арттыру міндетін алға қойды», — деді Ж.Түймебаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар