Мемлекет басшысы бірқатар елшілерді тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бірқатар елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысы бірқатар елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

  • 16 Шiлде
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.