Мемлекет басшысы бірқатар әскерилер мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін жоғары әскери арнайы атақтармен және сыныптық шендермен марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бірқатар әскерилер мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін жоғары әскери арнайы атақтармен және сыныптық шендермен марапаттады

Мемлекет басшысы бірқатар әскерилер мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін жоғары әскери арнайы атақтармен және сыныптық шендермен марапаттады

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығы қарсаңында бірқатар әскерилер мен құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлерін жоғары әскери арнайы атақтармен және сыныптық шендермен марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 470
Фото - Caravan.kz

— Біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 15-жылдық мерекесін атап өткелі отырмыз. Қалыптасқан дәстүр бойынша біз осындай айтулы мерекелердің алдында елімізге еңбек сіңірген, қызметінде үздік танылған азаматтарымызды марапаттап отырамыз. Сіздердің алдағы уақытта да біздің мемлекетіміз бен халқымыздың игілігі жолында адал қызмет ететіндеріңізге сенемін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әскерилерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға біздің Отанымыздың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту ісінде табыстарға жете берулеріне тілек білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта