Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін, 24 желтоқсанда Қазақстанның облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында 3500 мыңға жуық баланың, сондай-ақ «Балдәурен» республикалық емдеу-сауықтыру орталығында 300 дарынды оқушының қатысуымен Президенттік жаңа жыл шыршасы болып өтті.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 568
Фото - Caravan.kz

 Мерекелік шара барысында кішкентай қазақстандықтар Мемлекет басшысының бейнеқұттықтауын тамашалады.

Астанада ҚР Президенті атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша жаңа Оқушылар сарайында өтті. «Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі» атты мерекелік  шараға  9 бен 13 жас аралығындағы 200 бала қатысты. Олардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі және спортта, шығармашылықта, қоғамдық шараларда түрлі жетістікке жеткен балдырғандар бар. Мерекелік кештің басты идеясы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу мәселесі болды.

Кішкентай астаналықтарды ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтады. Ертегі қойылымынан кейін балалар аниматорлардың өнерін тамашалап, Оқушылар сарайындағы экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында планетарий мен интерактивті саябақты аралады. Шара соңында балдырғандар мерекелік дастарханнан дәм татып, естелік ретінде суретке түсті. Сондай-ақ, түрлі тәттілер, киімге арналған сертификат және жұмсақ ойыншықтар түріндегі сыйлықтармен марапатталды.       


Соңғы жаңалықтар