Мемлекет басшысы Эстонияның сыртқы істер министрі мен Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Эстонияның сыртқы істер министрі мен Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Эстонияның сыртқы істер министрі мен Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысымен кездесті

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның аяғында "Ортақ әлем: әралуандылық арқылы прогреске" конференциясына қатысушы Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Паэтпен және Ислам Конференциясы Ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қазан 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

Эстонияның Сыртқы істер министрімен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Әңгіме Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейту туралы болды. Атап айтқанда, қазақстандық жүктерді Эстония аумағы және одан әрі Балтық теңізі бойынша Еуропа мемлекеттерінің рыноктарына тасымалдау туралы болды.

У.Паэт Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасының лауазымына Эстонияның қолдау білдіретіні жөнінде айтып, осы ұйым аясындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Әңгіме барысында Э.Ихсаноғлы Қазақстан елордасында «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы прогреске» конференциясының өткізілуін қолдады.

Э.Ихсаноғлы Қазақстанның өскелең беделін атап өтті, оның жарқын дәлелі ислам мен христиандық арасындағы өзара ықпалдастыққа жәрдемдесетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өткізілуі болып табылады.

Э.Ихсаноғлы Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болатынын қолдап, Ислам Конференциясы Ұйымы аясындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар