«Жер бетінің 1,5 миллиард мұсылманы атап өтетін Қадыр түніне қош келіпсіздер. Біздің еліміздің, халқымыздың үштен екісі мұсылман халқы болып саналады. Рамазан айының 27-күні Мұхаммед пайғамбарымызға Құран Кәрім түскен. Жердегі барлық мұсылмандар айтқан тілегін, тыныштығын, береке-бірлігін қабыл ете гөр деп, халқымызға бақ-береке бере гөр деп, баршаларыңызға, халқымызға жақсылық тілеген. Бейбітшілік пен келісім, жүргізілген реформалардың арқасында Қазақстан бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Жылдан жылға халқымыздың әл-ауқаты жақсарып келеді. Дүниежүзі діндері басшыларының бірінші съезі осы Астанада өтті. Осының бәрі дүниежүзі халқының бізге деген, барлық діндердің тек қана Қазақстан жерінің «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» жағдайының халықтың аузында жүргенінің белгісі. Баршаңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін. Қадыр түні қабыл болсын, ниеттеріңіз Алланың құлағына жетсін. Аман-есен болыңыздар», — деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті