2007-жылға арналған бюджет мынадай көрсеткіштермен бекітілді: Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. 2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 958 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 1 трлн. 955,9 млрд. теңге болмақ. Республикалық бюджеттің тапшылығы 145,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне тең болады деп межеленген.
Келесі жылдың қаңтар айынан бастап ең төменгі жалақы көлемі 9752 теңге, ең төменгі зейнетақы — 7236 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі — 3000 теңге, айлық есептік көрсеткіш 1092 теңге, ең төменгі күнкөріс қоржынының құны 8861 теңге болмақ.
Заңға президент 2006-жылдың 8-желтоқсанында қол қойды. Заңның жмәтіні бүгін ресми БАҚ-тарда жарияланды. Ол 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті