Елбасының назарына Елорданың жаңа орталығы құрылысының тұжырымдамасы мен «ескі» қаланы жаңғыртудың жобалары ұсынылды. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақ драма театрының ғимараты, «Тәуелсіздік», «Қазақстан халықтарының достығы», «АЛЖИР құрбандары» ескерткіштерінің жобаларымен танысты.
— Қуатты қарқынмен салынып жатқан Елорда барша қазақстандықтар мен біздің қонақтарымыздың таңданысын тудырады, Елордалық рух қалыптасып келеді, астаналықтардың санасында айтарлықтай өзгерістер болды. Бізге тек әсем қала салып қана қоймай, сонымен қатар Елорданың өзіндік қайталанбас ерекшелігін қалыптастыру қажет. Қазірдің өзінде аса зор жұмыстар жасалынды, алайда алда одан да көп жұмыстар тұр, — деді Нұрсұлтан Назарбаев кеңесте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті