Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу жөніндегі алқа құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу жөніндегі алқа құруды ұсынды

Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу жөніндегі алқа құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қалалық сотының құрылымында шетелдік компаниялар қатысатын инвестициялық дауларды шешу жөніндегі мамандандырылған алқа құруды ұсынды. Бұл туралы бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 764
Фото - Caravan.kz

«Бұл уақыт талабына сай келеді және ол халықаралық тәжірибеге сәйкес»,- деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша, бұл жерде ұсыныс тек Алматы туралы ғана болып отырған жоқ.

Н.Назарбаев Алматыны Орталық Азия аймағындағы ірі қаржылық орталық ретінде дамыту көзделгенін еске салды. «Қалада аймақтық және дүниежүзілік танымал қаржылық институттардың кеңселері ашылады. Олар дүниежүзіндегідей құқықтық кеңістікте жұмыс істеуі тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның экономиканы өндірістендіру және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсаттарын алға қойғанын еске салды. «Еліміз тұрғындары еліміз шикізатқа тәуелділіктен құтылып, өңдеуші экономиканы құрамыз, экономика ауқымын 3- 3,5 есе өсіреміз дегенге сенім артуда»,- деп атап көрсеткен мұндай мүмкіндікке инвестиция тарту арқылы ғана қол жеткізілетінін айтты.
Мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттің алдында екі түрлі міндет тұр: «елімізге қазіргі заманғы менеджмент пен технологиялар әкелу және инвестицияларды ел ішінде қорғауды қамтамасыз ету». Елбасы бұл міндеттердің шешімі «еліміздегі сот жүйесіне тікелей» байланысты екенін, дауларды арбитраждық немесе Қазақстандағы арнаулы соттарда шешу мүмкіндігін, олай болмаған күнде инвесторлар шетелдік соттардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болатынын айтты. «Бұл істі өзіміз неге жүзеге асырмасқа? Кез-келген дау-дамайларды елімізде шешуге мүмкіндік бар екеніне инвесторларды неге біз сендіре алмаймыз?»,- деп Н.Назарбаев таңданыс білдірді.
Осыған байланысты мемлекет басшысы судьялар корпусын «инвесторлардың сеніміне ие болу үшін» не істеу керектігі туралы ұсыныстар енгізуге шақырды.

Перейти к новостям спорта