Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

  • 11 Ақпан
  • 7
Фото - Caravan.kz

Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.