Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті.

  • 2 Шiлде 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына Ислам даму банкінің қатысу мәселесі, соның ішінде басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ИДБ құрылымдарын орналастыру, осы орталықтың биржасында ислам облигацияларын шығару жөнінде пікір алмасты.  

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Bloomberg Media Group компаниясының бас атқарушы директоры Джастин Смитпен кездесті.

Мемлекет басшысы медиа компанияның басшысына ілтипат білдіріп, жақында ғана Bloomberg агенттігінің журналистеріне сұхбат бергенін атап өтті.


Қазақстан Президенті Bloomberg компаниясының бүкіл әлем бойынша әскерлік және қаржылық ақпарат тарататынын атап өтіп, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету үшін оның айрықша рөл атқаратынын айтты.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңынан тікелей хабар тарататын Bloomberg студиясын ашу, беделді халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарын тарту үшін медиахаб құру, ірі ұлттық компаниялардың акцияларының «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасына шығуын сүйемелдеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар