Мемлекет басшысы Италия халқына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Италия халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Италия халқына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесіп,.Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

  • 24 Мамыр 2023
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Akorda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.


Соңғы жаңалықтар