Капиталистік социализм: Өз жұмысын сүйетін, қарапайым, жауапты адамдар үшін қолайлы заман туады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Капиталистік социализм: Өз жұмысын сүйетін, қарапайым, жауапты адамдар үшін қолайлы заман туады

Капиталистік социализм: Өз жұмысын сүйетін, қарапайым, жауапты адамдар үшін қолайлы заман туады

"Табысқа емес, сол табыс бізге алып келетін құндылықтарға ұмтылыңыз". Авторы Альберт Эйнштейн. Қазақи капиталистік социализм осы рамкаға келеді.

  • 3 Қыркүйек
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауын әдемі дипломатиялық әдіспен алып шықты. Ол әдіс «қос трансакция» деп аталады, деп жазды қаржы маманы Айбар Олжаев. Толығырақ Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Президенттің басында дайын болып келген мәтінді осы әдіспен өзі қайта жазып шыққанын аңғаруға болады. Яғни, түсінуі тиіс адамдар нақты түсінді, ал қаржы секторынан тыс адамдар бұл месседж ағынына кіре алмады.

Оның барлығы қаржы секторына байланысты. Демек, келесі жылдан бастап коммерциялық қаржы нарығы мен мемлекеттік қаржы секторында бізді елеулі өзгерістер күтіп тұр.

1. Банктер енді экономикаға жұмыс істейді

Егер олар көнбесе шетелден корпоративті секторды қаржыландырғысы келетін көптеген ойыншылар шақырылады. Банк қызметі туралы жаңа заң жасалады да, оған базалық және универсалды регулятив енгізеді: тек байығысы келетін, қожайыны дивидендтен дәмете беретін сараңдау банктерге заңдық пруденциалды талап қатал болады да, ал экономикаға қаржы салғысы келетін, энтузиазмы жоғары (шетелдік) банктерге талаптар өте жеңіл болады. Ал салық мөлшері (КПН) қожайыны алатын дивидендке қатысты болмақ. Яғни, акционері банкті сауын сиыр көретін банктер көбірек салық төлемек. Ал экономикаға кредит беріп, кәсіпорындарды қаржыландырып, дивидендке тиіспейтін банктерге салық бойынша жеңілдіктер болады.

Банктерге емеурін: экономикаға көмектессең, саған жақсы қараймыз. Ал халыққа онлайн тұтынушылық кредит қана беріп, одан табысты күреп алып, дивиденд алғың келіп тұрса, 25 пайыз салық төлеуге дайын бол.

2. Ұлттық қор. Инвестициялық бағыт қайта форматталмақ

Ұлттық қорда жатқан 60 миллиард доллар шетелдегі біреулерге арзан фондирование болмасын деді, Мемлекет басшысы. Бұл негізі қиын жағдай. Біздің экономика 60 миллиард долларды қорыта алмайды. Ал Ұлттық қор агрессивті инвестицияға емес, тұрақты жинауға негізделген еді. Оны табыстылығы 1-2% болса да, 100 пайыз гарантиясы бар А класты шетелдік облигациялар арқылы қамтамасыз етіп келдік. Енді оларды ауыздандырмай, өзіміздің экономикалық ойыншыларға 1-2 пайызбен валютамен беретін болсақ, ондай отандық бизнес ақшаның 100 пайыз қайтатынын қамтамасыз ету керек. Себебі, Ұлттық қор халықтың ақшасы.

Бұл ретте, Президент ва-банкқа барып отыр. Онда «не пан, не пропал». Ұлттық қор инвестициясымен экономикамызды керемет деңгейге көтеруге болады. Бірақ ол бизнес жауапты болып шықпаса, ақшамыз көзден бұл-бұл ұшады.

3. Нанға берген ақшаға тек нан сатып аласыздар

Енді АСП, пособияға тойға барып, немесе кафеде отыра алмайсыз. Мемлекет нанға ақша берсе, оны тек нанға жұмсайсыз. Бұл өте мықты шешім. Болашақта бюджеттің вертолетті әлеуметтік көмегі қысқаратынын болжауға болады. Себебі, нанға ақша алып отырған адамдардың біразына шын мәнінде нан керек емес.

Ол әлеуметтік әмиян арқылы жасалады. Карточкаға теңге түспейді. Әмиянға түседі. Ол жерден тек белгілі бір төлемдер: азық-түлік, дәрі, коммуналды төлем жасайсыз. Қолға қағаз ақшаны банкоматтан шығара алмайсыз.

Шыны керек, Мемлекет басшысы капиталистік социализм жасауда. Оның толық форматына 2028 жылдары келетін сияқтымыз. Ол жақсы ма?

Әділ, жұмысын сүйетін, қарапайым, жауапты адамдар үшін қолайлы заман туады. Осы адамдар өседі.

Жең ұшынан байланысуға үйреніп қалған, ауырдың үстімен жүретін, жемқорлау, алаяқтау адамдар үшін қиын заман келеді. Олар өшеді.

«Табысқа емес, сол табыс бізге алып келетін құндылықтарға ұмтылыңыз». Авторы Альберт Эйнштейн. Қазақи капиталистік социализм осы рамкаға келеді.

Бірақ Тоқаевты шын түсіну үшін Георг Гегельді оқу керек. Оның ішінде «тарих философиясы» бағытын. Биыл оқып шығатын болсаңыз, 2025 жылғы жолдауды мүлдем басқаша интерпретация жасай аласыз.