Президент Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, 9 тамыз күні, Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде бортында 61 адам болған Voepass жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Жергілікті билік жолаушылар мен экипаждың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.
Әуе компаниясының хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт ұшағының бортында 62 адам болған: 58 жолаушы және төрт экипаж мүшесі. Кейінірек борттағылардың саны нақтыланып, билетті сатып алғандардың бірі рейске кешігіп келгені белгілі болды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
Осыдан соң Валинхош қаласының мэрі апаттан аман қалғандар жоқ деп хабарлады.
Ұшақтың апатқа ұшырауына ұшақ қанаттарында мұздың пайда болуы себеп болуы мүмкін. Ұшақ тұрғын ауданға құлаған.
Полиция апатқа қатысты тергеуді бастады.