Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

  • 26 Тамыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.


Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етуге келісті.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.