Мемлекет басшысы Хорватияның премьер-министрімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы  Хорватияның премьер-министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Хорватияның премьер-министрімен кездесті

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Кеше түстен кейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияның премьер-министрі Иво Санадермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Шiлде 2006
  • 475
Фото - Caravan.kz

-Сіздің сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосылған үлкен үлес болатынына сенімдімін. Біз фармацевтика, туризм, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс салалары сияқты бағыттарда ынтымақтасуға дайынбыз. Қазақстандық инвестиция үшін біздің есігіміз ашық,-деді Иво Санадер кездесудің ашылуында.

Мемлекет басшысы Хорватия мен Қазақстан экономикасы өрлеу үстінде екенін, сондықтан да екіжақты ынтымақтастықты мейлінше кеңейту қажеттігін атап өтті.
-Қазіргі таңда Қазақстан инвестицияны импорттамайды, экспорттайды және кеңестік кезеңнен қалған кеңістіктегі ірі инвестор болып табылады. Қазақстандық компаниялар Хорватия экономикасының жекешелендіру процессіне қатысуға дайын,- деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы Хорватия премьер-министрін Қазақстанға келуге шақырды және бұл шақыру ілтипатпен қабыл алынды.
-Мен Қазақстан экономикасының өркендеуіне таңданамын. Бұл тәжірибе Хорватия үшін өте маңызды,-деді Иво Санадер.

Перейти к новостям спорта