Мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша енді не өзгереді? - kaz.caravan.kz
  • $ 525.11
  • 546.74
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша енді не өзгереді?

Мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша енді не өзгереді?

Мемлекет басшысы балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды заңға қол қойды.

  • 31 Желтоқсан 2024
  • 11
Фото: azh.kz

Енді не өзгереді? Caravan.kz медиа порталы тарқатады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қабылданған жаңа заң нормаларына қатысты пікір білдірді.

1.⁠ ⁠Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары лицензия алуға міндетті болады. Бұл шара мектепке дейінгі білім беру сапасын бақылауды күшейтіп, балаларға көрсетілетін қызметтерді жақсартуға мүмкіндік береді.

2.⁠ ⁠Қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама тәртібі енгізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс алатын қосымша білім беру ұйымдары өз қызметін бастағаны немесе тоқтатқаны туралы уәкілетті органдарға хабарлауға міндетті. Бұл жаңа талаптар балалар үшін үйірмелер мен секциялардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.

3.⁠ ⁠Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға көмек.

Бұрын “Всеобуч” қоры арқылы көрсетілетін көмек тек мемлекеттік мектептерде ғана қарастырылған еді. Енді бұл көмек жеке мектептерде оқитын балаларға да көрсетіледі. Мысалы, қазіргі уақытта 25 мың бала – жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал санаттағы балалар – мұндай қолдаудан тыс қалған. Жаңа заң осы мәселені шешіп, барлық балаға тең мүмкіндік береді.

4.⁠ ⁠Колледждерде онлайн оқыту

Белгілі бір мамандықтар бойынша онлайн форматта оқыту енгізіледі. Медицина, педагогика сияқты мамандықтар дәстүрлі форматта оқытыла береді. Бірақ басқа мамандықтар үшін онлайн оқыту білім алуды икемді, қолжетімді және тиімді етеді.

5.⁠ ⁠Мемлекеттік марапаттарға толықтырулар

Президенттің Жолдауы аясында мемлекеттік марапаттар тізіміне келесі салалардағы мамандар үшін құрметті атақтар қосылды:
• көлік саласы;
• геологиялық барлау;
• аграрлық сектор;
• құрылыс саласы;
• су шаруашылығы;
сондай-ақ ғалымдар мен өнертапқыштарға арналған атақтар енгізілді.