Мемлекет басшысы көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.

  • 2 Қазан 2024
  • 9
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Оның ішінде көшпенділер ойынының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.