Мемлекет басшысы күш-қуат құрылымдарының басшыларымен кеңес өткізді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы күш-қуат құрылымдарының басшыларымен  кеңес өткізді

Мемлекет басшысы күш-қуат құрылымдарының басшыларымен кеңес өткізді

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жолдас Темірәлиев, Айбар Хасенов және Алтынбек Сәрсенбаев өлімінің деректері бойынша жүргізілген қылмыстық істің нақты нәтижесі таныстырылды.

  • 16 Маусым 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Президентке Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады,  деп хабарлады Елбасының   баспасөз   қызметінен.

 2007 жылы жасалған Темірәлиев пен Хасеновқа қатысты қылмыс туралы толығымен Мемлекет басшысына Бас прокурор Асхат Дауылбаев баяндап берді.

 Бас прокурор хабардар еткендей, топ-менеджерлерді мүлікті иелену мақсатында Әлиев, Кошляк және өзге адамдардың басшылығымен қылмыстық топ ұрлап әкеткен.

 Алдымен Әлиевтің Алматыдағы резиденциясында банкирлерді психотроптық препараттардың көмегімен азаптаған. Одан кейін Темірәлиев пен Хасеновті Ремизов сайына алып кетіп, тұншықтырған.

— Оларды 200 литрлік бөшкеге салған. Оған дейін олар тұншықтырып өлтірілген. Бастарына пакет кигізіп, оның сыртынан жіппен және арқанмен байлап тастаған. Байлап-матап тастағандары сондайлық, тіпті сүйектерін де сындырған. Қазір біз іс бойынша 20-дан астам сараптамалық зерттеулер жүргіздік, осы қылмыстың болған дерегін көрсетіп отырған 30-ға жуық куәгерді сұрадық. Бұдан бөлек, Әлиев, Кошляк және олар басқарған қылмыстық топтың Темірәлиев пен Хасеновті өлтіргендерінен дерек беретін өзге де дәлелдер табылды. Қазіргі уақытта қылмыскерлерге сырттай айып тағылып, сот арқылы қамауға алу шарасы белгіленді, оларға халықаралық іздеу жарияланды, — деді А. Дауылбаев.

 Мемлекет басшысына сондай-ақ қылмыскерлер жазадан қашып кетпесі үшін қандай шаралар қабылданғаны жөнінде мәлімделді.

Бас прокурор атап өткендей, қазіргі уақытта қорғаушылар Әлиевті экстрадициялау туралы мәселе қойып отыр, алайда ол жауапкершіліктен қашуға ұмтылып, өзіне диссидент ретінде имидж қалыптастыруда, өзінің сайтында жалған ақпаратты әдейі тұрақты таратуда.

 — Бұл дәлелі дерекке негізделмеген жала болып табылады, жалған құжаттар болып табылады. Біз бұл деректі австриялық сот орындарына бірнеше рет дәлелдедік. Атап айтқанда, Интерполдың еуропалық бөлімінің бастығы Германиялық доктор Роцелля тарапынан тексеріс жүргізілді. Ол барлық ұсынылған материалды зерттей келе, ұсынылған материалдар бұрмаланған құжаттар болып табылады деген нақты тоқтамға келді, — деп атап өтті А. Дауылбаев.

Әлиевтің таратқан материалдары теріске шығарылғанына қарамастан, ол жалған ақпаратты орналастыруын жалғастыруда. Сондай-ақ Асхат Дауылбаев Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімінің дерегіне қатысты іс 2006 жылы АҚШ ФБР қызметкерлерінің қатысуымен толық ашылғанын, және тергеудің сапасына күмән келтіруге негіз жоқтығын еске салып өтті.

 — Біз бұл қылмысқа қатысы бар топ мүшелерінің бәрін анық зерттедік. Олардың бәріне үкім шығарылған, бәрі жазасын алды. Өзге адамдардың қатысы барлығы туралы қандай да бір объективті дәлелдерді ешкім ұсынған жоқ және оған ешқандай дәлел жоқ. Бас прокуратура ретінде біз іс толық, жан-жақты және объективті түрде тергелген деп нақты айта аламыз. Сот шешімі заңды және объективті, — деді Бас прокурор.

 «Нұрбанк» топ-менеджерлерінің өлтірілуі туралы өз мәліметтерін Президентке Ішкі істер министрі баяндады. Қ. Қасымов атап өткендей, тергеу қылмыскерлердің нақты ғимараттарын анықтады. Куәгерлердің көрсетіп бергендері ғана емес, сондай-ақ Әлиев пен Кошляктің ұялы телефондарының биллингі де оны дәлелдеді.


 — Ремизов сайынан табылған Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің денелері екені жүз пайызға анықталды. Бірінші кезекте, бұл молекулярлық-гендік және медициналық-криминалистикалық сараптаманың нәтижесі, қиянат көргендердің денесі. Біз 2007 жылы қол жеткізген дәлелдер мәйітті тапқаннан кейін де жаңадан дәлелденді. Екіншіден, бұл тісі бойынша, киім-кешегі бойынша танылды, сонымен бірге, берлиндік медициналық универсиеттің сарапшысы омыртқаның майысқанын анықтады. Анығында, Темірәлиев сондаймен ауырған. Біз Темірәлив пен Хасеновтің өлімі ашылды деп бүгінгі күні жүз пайыз сеніммен айта аламыз және айып тағу үшін бізде даусыз дәлелдер бар, — деп атап өтті Қ. Қасымов.

Күш құрылымдарының басшыларымен кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырмалар берді.

 — Сіздер өз жұмыстарыңды жалғастыруға тиіссіңдер. Бас прокуратура да, ІІМ де, қылмыскерлерді экстрадициялау үшін, банкирлер өлімі бойынша кінәлілер сот алдында жауап беруі үшін және заң алдында жауапкершілік алуы үшін, соның негізінде барлық қажетті шараларды қабылдау үшін, осы іс бойынша тексерісті жеке бақылауда ұстауларың қажет. Австрия үлкен экономикалық қарым-қатынастар орнатқан біздің әріптесіміз болып табылады. Енді австриялық билік әділдік салтанат құруы үшін, қылмыскерлерді бермеуге дәлелдері жоқ. Рахат Әлиев үрей үстінде, сондықтан жалған айтып, жас адамдардың өз қолдарынан өлтірілуі туралы осы деректі жауапкершілігіне алудан қашып, өзіне тағылған күдікті алып тастағысы келеді. Соның бәріне қарамастан, біз істі аяғына дейін жеткізуіміз керек, — деп қадап айтты Президент.

 Мемлекет басшысы Бас прокуратураға Рахат Әлиев баспасөзде және Интернетте жариялаған мәлімдемелер мен материалдарға құқықтық баға беруді тапсырды. Бұдан бөлек, таяу уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары осы қылмыстық істің тексерілу барысы туралы барлық ақпаратты ұсынатын баспасөз мәслихаты өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар