Әкім президентке облыстың 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және мемлекет басшысының 2006 жылғы қазандағы жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын орындау барысы туралы баяндады. Елбасы Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
— Біздің облысымыз өз көрсеткіштері бойынша көш басындағы өңірлер төрттігіне кіреді. Аймақтың экономикалық дамуында болып жатқан оң өзгерістер жалпы еліміздің өркендеуінің айғағы. Елбасы «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағын кеңейту аясында экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға баса назар аударуды тапсырды. Үкіметпен, энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп Құрық теңіз айлағын және оның инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын әзірлеуге кірісу міндеті қойылды, — деді Қ.Көшербаев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті