Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгерту туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 23 Желтоқсан 2016
  • 826
Фото - Caravan.kz

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімін өзгертуге бағытталған "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды", — делінген Ақорданың сайтында.  

Заңға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне төлем жасай бастайды, ал жүйенің іске қосылуы жарты жылға шегерілген. Азаматтарға сақтандыру арқылы медициналық көмек көрсету 2018 жылдан басталады. 

Заң мәтіні басылымда.


Мұның алдында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Елена Бахмутова басқаратыны хабарланған.