Жарияланды: 580

Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті Жоғары қамқоршылық кеңесінің құрамын бекітті

Мемлекет басшысы Назарбаев Университеті Жоғары қамқоршылық кеңесінің құрамын бекітті

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинді, ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовті, премьер-министрдің орынбасары Ербол Орынбаевты, Президент көмекшісі Бақыт Сұлтановты, Шигео Катсуды,

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты Назарбаев университеті Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшелері етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұрын хабарлағанымыздай, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жоғары қамқоршылық кеңесінің тұңғыш отырысы болды. Отырыс Назарбаев Университетінде өтті. Отырысқа Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин, Үкімет, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің мүшелері, Парламент депутаттары, ұлттық компаниялар, «Назарбаев Университеті» АҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ жетекшілері және халықаралық сарапшылар қатысты. Университет Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Қордың төрағасы болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалды. Зияткерлік мектептер Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Ербол Орынбаев тағайындалды. Жоғары қамқоршылық кеңес Университетті басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Жоғары қамқоршылық кеңес Назарбаев Университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Назарбаев қорын басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Отырыста Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорының стратегиялық даму бағыттары талқыланды. Сонымен қатар Мүлікті пайдалану ережелері бекітілді. Мүлікті пайдаланудың нақты әрі ашық тетіктері Университет пен Зияткерлік мектептердің тиімді жұмыс істеуі үшін қажет.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін