Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, партия кеңсесінің ғимараты Астана қаласындағы «Сулы — жасыл-желекті бульвар» әкімшілік-тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жалпы аумағы 16 580 шаршы метрді құрайтын он қабатты кеңсе ғимаратында 400 орындық конференц-зал, 160 орындық асхана, қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ парламентаризм институты мен орталық аппараттың барлық департаменттері орналасқан.
Партияның орталық аппараты жаңа ғимаратқа көшірілуде, қазірдің өзінде мұнда қоғамдық қабылдау өз жұмысын бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті