Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қ.Мәми президентті сот төрелігі жүйесін одан әрі жетілдіру, сот реформасын тереңдету жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, конституциялық түзетулерге сәйкес Жоғарғы сот әзірлеген «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның парламентте талқылану барысы әңгіме болды. Заң жобасына сәйкес облыстық соттардың бірінші және бақылау инстанциясы қысқартыла отырып, бір мезгілде аудандық соттардың рөлі артатын болады. Соның нәтижесінде республикада халыққа барынша жақын әрі түсінікті үш буынды сот жүйесі қалыптасады.

«Ұсынылған өзгерістер сот істерінің жүргізілуі мен шешілуін барынша жеңілдетуге және жеделдетуге ықпал етеді. Мен, сондай-ақ, президентке соттардың қамауға алу санкциясын беру жөніндегі жаңа өкілеттігін орындаудың алғашқы нәтижелері туралы баяндадым. Бұл Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша кепілдігі болып табылады», — деді Қ.Мәми журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар