Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

Кеше Президент Елорда күніне арналған "Салтанат сарайындағы" салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

  • 7 Шiлде 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz

Өз сөзінде Мемлекет басшысы еліміз көлемінде, Қазақстанның барлық өңірі Қазақстанның Елордасы күнін, Астана қаласының мерекесін мерекеліп жатқанын атап өтті.

— Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен, шетелден келген достармен кездесіп, осы қалаға инвестиция салатын, осы қалада бизнес жасайтын адамдармен қуанышты бөлісетін мереке. Олардың барлығы да бүгін осында. Қала, аудан әкімдігі үлкен іс атқарды. Қалалық мәслихат орасан жұмыстар жүргізді. Бүгін мұнда жұртшылық, дипломатикалық корпустар өкілдері, біздің шетелдік достарымыз, инвесторлар, осы қалаға қаражатын салған, осы қаланы тұрғызуға атсалысқандар жиылған. Елорда күні біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өтуде. 20 жыл — бұл үлкен мерзім емес, дегенмен біз үшін, түсінетін адамдар үшін, біз бен сіздер үшін — бұл орасан сан, ғасырға тең келетін жылдар. Біз тәуелсіз мемлекет құрдық, ол бізде болмап едік, оның шекарасын бекітіп бердік, қауіпсіздігіне кепілдік бердік, өз Отанымызды күллі әлемге танымал еттік. Біздің туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымында, қалаларда, мен болып өткен барлық жерлерде, біздің делегация болған жерлерде әрдайым алдымыздан асқақтап тұрады. Біз біргеміз. Мен, Президент аппараты, Үкімет, Парламент депутаттары, қала мәслихаты, қала әкімдігі, барлық мемлекеттік қызметшілер, біздің бәріміз елордамыздың гүлденуі үшін өте қыруар істер атқардық. Баршаңызға көп рахмет, сіздердің барлығыңызға игілік пен денсаулық тілеймін. Бүгінде қаламыз әлемнің көптеген телеарналары көрсетіп жатқандай, өзінің кең даңғылымен, аллеяларымен, заманауи ғимараттарымен ауқымын кеңейте түсуде. Олар танымал бола түсуде. Өйткені біз бірегей ғимараттарды тұрғыздық. Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр — осының бәрі зор әсерге бөлейді, көз сүйсінтеді. Біз қала тұрғыздық. Бұған ел ішінде, сыртта да сенгендер аз болды. Алайда, біз қала салдық. Қазір біз бұдан да орасан міндетті — экономиканың өзге саласын қолға алудамыз. Біз шикізаттық тәуелділіктен кетіп, мүлде жаңа экономиканың негізін қалаймыз, 2020 жылға қарай өз халқымыздың әл-ауқатын екі есеге арттырамыз. Бұл Тәуелсіздікпен пара-пар, біздің қаламыздың құрылысымен пара-пар ұлы мақсат. Елордада бәрі бар ­- әлемдік деңгейдегі білім беру орталықтары, әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау орталықтары, әлемдік деңгейдегі спорттық кешендер, үздік мектептер бар, елімізде әлемдегі үздік университеттер салынған. Астана — бұл болашақтың, жастардың қаласы. Біздің балаларымыз, немерелеріміз 20 жылдан кейін осында өмір сүріп, осы қалаға тең келетін әлемде жаңа, бірегей қала жоқ деп санайтын болады. Еуропада және әлемде ұқсас қалалар бар, негізінен олар ескірді, ал біз өз архитектурамызбен бірегей өз қаламызды тұрғыздық. Таңданбасқа шара жоқ. Биылғы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жылында бірегей объектілер: Еуропа мен Азияда үздік саналатын тарих мұражайы, ұлттық опера ғимараты, медиа-орталық, оқушылардың шығармашылық сарайы, Қазақстандағы ең үлкен мешіт салынатын болады. Осы объектілердің барлығы біздің елімізді безендіре түседі. Елорда үшін қажетті саналатын өзге де объектілер салынатын болады. Біз Алматы мен Астана арасында сағатына 250-300 шақырымдық жылдамдықты алатын жедел жылдамдықтағы пойызды пайдалануға бермекпіз. Сонда Алматы жақындай түседі. Қалада жеңіл рельсті трамвай, жерасты метро салынатын болады. Бәрі керемет болады. Біз бірлікті нығайтсақ, оған қол жеткіземіз. Сіздердің барлығыңызды Елорла күнімен құттықтаймын! Астана күллі әлемді сүйсінтуде және жүздеген жылдар бойы сүйсінте бермек. Астана — біздің Тәуелсіздігіміздің тәжі іспетті әсем қала. Астана — Қазақстанның қуатын білдіретен қала. Астана — әлемдік көшбасшылар бас қосатын орын. Бұл үміттер ақталатын, біздің жас қазақстандықтарды бақытқа бөлейтін қала. Бұл — орасан эпопея. Мен жүз инновация туралы айттым, ендеше, Астана — бұл нөмірі бірінші қазақстандық инновация. Одан кейін өзге де инновациялар жүзеге асырылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызға, барлық қазақстандықтарға, барлық шетелдік достармызға, бізді бүгінге Елорда күнімен, сонымен қатар, менің туған күніммен құттықтағандардың баршасына, өзімнің шынайы ризашылығымды білдіремін! Менде баршаңызға үлкен алғысымды айтуыма болатын тамаша мүмкіндік бар, — деді Президент.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Мемлекет басшысы қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан және үлес қосып келе жатқандарды марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Марапатталғандар арасында — белгілі ресейлік бизнесмендер Алишер Усманов пен Василий Анисимов, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкер Жанна Бектемірова бар. «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминге «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар