Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне жер сілкінісі кезінде орын алған адам шығындарына байланысты көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне жер сілкінісі кезінде орын алған адам шығындарына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентіне жер сілкінісі кезінде орын алған адам шығындарына байланысты көңіл айтты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

  • 21 Шiлде 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Өзбекстанда болған жер сілкінісі кезіндегі адам шығындарына байланысты көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев зардап шеккендердің туған-туысқандары мен жақындарына өзінің қолдау сөздерін жеткізді. Мемлекет басшысы жер сілкінісі зардаптарын жоюға қолдау көрсетуге дайын екендігін де тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов қазақстандық-өзбек ынтымақтастығының одан әрі дамуының кең ауқымды мәселелерін талқыға салды. Атап айтар болсақ, әңгіме барысында белсенді экономикалық ықпалдастық, оның ішінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша да пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар