Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тә

  • 14 Тамыз
  • 7
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке құттықтау жеделхатын жолдады.

– Әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі табысқа жеткен Сіздің еліңіз Азияда және әлемдік аренада лайықты орынға ие. Пәкістан гүлденген әрі орнықты қоғам құру жолында алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыратынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Пәкістанды аймақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтіп, қос халықтың игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Перейти к новостям спорта