Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пекиндегі ХХІХ Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған штангашы Илья Ильинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Тамыз 2008
  • 854
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты Илья, — делінген жеделхатта, — миллиондаған қазақстандықтардың және тікелей өз атымнан тамаша жеңісіңмен құттықтаймын! Табандылық, мақсаткерлік, жоғары спорттық шеберлік және жеңіске деген жігерлілік көрсете отырып, сен бүкіләлемдік ойындарда Қазақстанды лайықты таныттың. Сенің аса көрнекті табысың біздің спорттың шежіресіне мәңгілік болып енеді».

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық атлетке денсаулық, бақыт және спорт әлемінде одан әрі табыстарға жетуді тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар