Мемлекет басшысы Қарағанды облысының 70 жылдық мерейтойына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының 70 жылдық мерейтойына қатысады

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының 70 жылдық мерейтойына қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ертең Қарағандыға барып, Қарағанды облысының 70 жылдық мерейтойына қатысады , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Тамыз 2006
  • 550
Фото - Caravan.kz



Президент Қарағандыда екі күн болмақ. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың қатысуымен Қарағанды көмір бассейні шахталарында қаза болған шахтерларға ескерткіштің ашылуы өтеді. Сапар бағдарламасында сонымен бірге, «Отан» партиясының активімен кездесу жоспарланып отыр. Сол күні мемлекет басшысы керамикалық кірпіш өндіретін «Картек» ЖШС зауытында болады. Ал кешке облыстың мерейтойына орай «Шахтер» стадионында өткізілетін театрландырылған қойылымды тамашалайды.

Сенбі күні кешкісін президенттің қатысуымен С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтеді.

Мерейтой шараларына алыс және жақын шетелдерден қонақтар қатысады деп күтілуде.

Қарағанды облысының іргетасы 1936-жылдың 29-шілдесінде қаланған. Облыстың 70 жылдық мерейтойы тамыздың соңғы жексенбісінде белгіленетін Шахтерлар күнімен орайластырылып отыр.

Перейти к новостям спорта