Мемлекет басшысы "ҚазАгро" ұлттық холдингін құру туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "ҚазАгро" ұлттық холдингін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "ҚазАгро" ұлттық холдингін құру туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты кейбір мәселелер туралы" жарлыққа қол қойды, соған сәйкес "ҚазАгро Ұлттық холдингі" АҚ құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Агроөнеркәсіптік саланы тиімді дамытуға ынталандыру және ішкі және сыртқы нарықта оның бәсекелестік қабілетін көтеру үшін республика үкіметіне заңда белгіленген тәртіпке сәйкес «ҚазАгро Ұлттық холдингі» АҚ-ын құруды қаулы етемін»,- делінген президенттің жарлығында.

Сонымен бірге үкімет басшысы құрылатын ұлттық холдингтің негізгі іс-қызмет принциптері туралы меморандумды, сондай-ақ, акцияларының мемлекеттік қоржыны «ҚазАгро» АҚ-ның жарғылық капиталының төлеміне берілетін акционерлік қоғамдардың тізімін екі аптада бекітуді тапсырды. Үкімет нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды үш айдың ішінде енгізіп, жарлықты орындауға қажетті шараларды қолдануға тиіс.

Жарлықтың орындалуын қадағалау құзыреті президент әкімшілігіне берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта