Мемлекет басшысы қазақ тілін дамытуға баса назар аударуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы қазақ тілін дамытуға баса назар аударуға шақырды

Мемлекет басшысы қазақ тілін дамытуға баса назар аударуға шақырды

"Біз барша Қазақстандықтарды жақындастыра түсетін айрықша маңызды факторлардың бірі - еліміздің мемлекеттік тілі, қазақ ұлтының ана тілі - қазақ тілін дамытуға барынша күш салуымыз керек". Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті. «Біз бұл саланы мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған біртұтас бағдарлама жасауға тиіспіз»,- деді ол.

«Қазақ жеріне әлемдік діндер түгелдей дерлік аяқ басты. Сол себепті діни фанатизм мен басқаға қырын қарау деген қазақтың табиғатына жат. Қазақстанда конфессиялық келісімнің орнығуына әсер етіп отырған басты себеп осы болмақ. Біз түрлі халықтар мен конфессиялар арасында келісім мен диалог орныққан, төзімді ел ретінде төрткүл дүниеге танымал болдық»,- деді президент.
«Барған сайын арта түскен біздің бітімгершілік әлеуетіміз көздің қарашығындай сақталып, дамытылуы тиіс»,- деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта