Мемлекет басшысы "Қазақмыс" корпорациясының президенті мен шетелдік банкирлерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Қазақмыс" корпорациясының президенті мен шетелдік банкирлерді қабылдады

Мемлекет басшысы "Қазақмыс" корпорациясының президенті мен шетелдік банкирлерді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақмыс" корпорациясының президенті Владимир Кимді, сондай-ақ халықаралық қаржылық ұйымдардың, банктердің және инвестициялық-сақтандыру қорларының басшыларын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Қараша 2005
  • 720
Фото - Caravan.kz



В.Ким президентке «Қазақмыс» корпорациясын Лондондық қор рыногына шығару мақсатында атқарылған жұмыстар мен алдағы даму болашағы туралы баяндап берді.
«Қазақмыс» компаниясы капитал қоры 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын ірі кен өндіру компаниясы болып табылады. Біз ең басты мақсатқа қол жеткіздік, атап айтқанда Қазақстанға жобалық қуаты жылына 50 миллион тонна кен өңдейтін әлемдегі ең ірі комбинаттардың бірі — Ақтоғай кен байыту комибинатын салуға қажетті үлкен инвестиция әкеліп отырмыз», — деді В.Ким журналистерге арналған брифингте.
Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрдің жеке сәлемдемесін жеткізген «JP Morgan Плюс» банкі төрағасының орынбасары, «Казахмыс Плс.» директорлар кеңесінің мүшесі лорд Робин Ренвик аса тартымды әңгіме өрбігенін атап өтті.
«Қазақмыс» — акциялары Лондонның қор биржасына шығарылған ТМД елдеріндегі тұңғыш компания. Біздің компания «Қазақмыс» корпорациясына үлкен қаржы салымын инвестициялады және де біз оның қызметіне барынша көңіліміз толады. Ұлыбритания премьер-министрі аталмыш жайтты құптайды және де бұл әлбетте, Қазақстан үкіметінің елде қолайлы инвестициялық ахуал орнату жөніндегі күш-жігерінің арқасында орындалды», — деді ол.
«Credit Swiss Group» банкінің төрағасы, бас атқарушы директоры Освальд Грюбель айтылған пікірлерге қосымша ретінде Қазақстан басшысымен кездесу барысында сондай-ақ республиканың бас қаржы орталығы ретінде Алматыға инвестиция тарту мәселелері талқыланғанын айтты.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта