Caravan Logo

Мемлекет басшысы "Қазақмыс" шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы "Қазақмыс" шахтасында болған апатқа байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

"Адамдардың қазасына әкелген шахтадағы апат туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын.

Мен тиісті мемлекеттік органдарға апаттың себептерін тексеру және оның салдарын жою, зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету жөнінде тапсырмалар бердім", - делінген жеделхатта.