Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңа деңгейіне көтеріледі дегенге сенімді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңа деңгейіне көтеріледі дегенге сенімді

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңа деңгейіне көтеріледі дегенге сенімді

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңа деңгейіне көтеріледі дегенге сенімді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының 14-ші сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қазан 2008
  • 451
Фото - Caravan.kz

Елбасы сессияға қатысушылар назарын еліміздің экономикалық дағдарысқа қарсы тұрудағы қолға алынған шараларына аударды.

Президенттің атап өткеніндей, әлемдік қаржы дағдарысы көптеген мемлекеттерді өз экономикасын қорғауға мәжбүр етіп отыр. Ал Қазақстан бұл дағдарысқа дайын болып шықты. Осыған байланысты әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерді, шағын бизнесті қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғын үй құрылысын тұрақтандыруға бюджеттен 540 миллиард теңге бөлінді.

«Дер шағында қабылданған шаралар елдегі қаржылық және экономикалық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Жақында біз әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұру жөнінде қосымша шаралар қабылдадық. Осы мақсатқа мемлекет Ұлттық қордан 1 триллион 200 миллиард теңге (10 миллиард доллар) бөлді. Біз «Самұрық-Қазына» холдингіне мемлекеттік активтерді біріктірдік. Бұл құрылым дамуға қатысты ірі мәселелерді шешетін болады»,- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар