Мемлекет басшысы Қазақстан мен Латвия арасындағы әуе қатынасын Астанадан рейстер ашу арқылы ұлғайтуды қолдайды
Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Латвия арасындағы әуе қатынасын Астанадан рейстер ашу арқылы ұлғайтуды қолдайды. Бұл туралы Латвия Республикасының мемлекет басшысы Валдис Затлерспен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Бүгін біз рейстер санын, тек Алматыға ғана емес, Астанаға да рейстер санын ұлғайту қажет деп келістік, мүмкін ол тіпті күнделікті болатын шығар", -деді Н. Назарбаев. Осы орайда ол Алматы - Рига бағытындағы тікелей рейстің ағымдағы жылдың сәуір айында ашылғанын еске салып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін