Жарияланды: 680

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі туралы" заңға қол қойды

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі туралы" заңға қол қойды. Аталған заң мемлекет басшысы жанындағы мекеме ретінде құрылатын Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін бекіту мен жұмысын ұйымдастыруға, соттарды қалыптастыру, соттардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмауына кепілдігі жөніндегі оның конституциялық өкілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды агенттік

тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады. Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, бұл заң жобасында кеңестің мәртебесі Қазақстан Республикасы президентінің соттарды жасақтау, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарына қол сұғылмаушылығына кепілдік беру жөніндегі конституциялық өкілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмай-ақ жасақталатын мекеме ретінде білгіленген. Заң жобасының мақсаты "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын 2007 жылғы 21 мамырда Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендіру мен еліміздің сот жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Құжатта Жоғарғы және облыстық соттардың құрылымын өзгерту көзделеді. Жоғарғы соттың қадағалау алқасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалары азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы, қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып қайта құрылады. Облыстық сотта қадағалау алқасы таратылады, ал азаматтық және қылмыстық істер жөннідегі алқалар аппеляциялық сот алқасы және кассациялық сот алқасы болып қайта құрылады. Жоғарғы соттың және облыстық соттың судьялары қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Заң жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы толықтыруларға байланысты әзірленген. Жобада тәуелсіз сот билігін нығайту, аудандық соттардың рөлін бірінші сатыдағы сот ретінде күшейту мәселелері қаралған. Сонымен қатар Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесі айқындалады. Судьялардың кәсіби сапасына қойылар талап көтеріліп, нақты іс қараған кездегі жауапкершілігі арттырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін