«Қазір біз Батыс Еуропа — Қытай жолын сала бастадық. Ол Қазақстан, Ресей, Еуропа мен Қытайды жалғастырады. Оның жолында үш ірі тарихи ескерткіш — Сарайшық, Отырар мен Түркістан қалалары болады. Сондықтан, қазір біз жұмыстарды нақты осы үш нысан бойынша жасап, содан кейін ғана басқа да шағын нысандармен айналыса бастауды құп көремін», — деп атап көрсетті президент.
«Әрине, біз жолдардан шалғай жатқан ескерткіштерді де сақтауға тиіспіз. Дегенмен, туристерге біз, бірінші кезекте, жолдарға жақын жатқан мұрамызды ашуға міндеттіміз», — деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұрын үстінен даңқты Ұлы Жібек жолы өткен аумақтардағы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, жұртқа жариялауымыз керек. «Қазір барлығы Ұлы Жібек жолы жайында айтады. Біз туристерге осы жолдың Қазақстан аумағы арқылы өткенін көрсетуге тиіспіз», — деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті