Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен және АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын жан-жақты тереңдете түсуді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен және АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын жан-жақты тереңдете түсуді қолдайды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен және АҚШ-пен арадағы ынтымақтастығын жан-жақты тереңдете түсуді қолдайды

Бүгін, 13-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Франциялық сенатор Эмери де Монтескью мен АҚШ-тың әсемдік-әрлік бұйымдар өндірумен дүниежүзіне танылған "Эсте Лаудер" концернінің төрағасы Рональд Лаудерді қабылдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Елбасының баспасөз қызметінен.

  • 13 Ақпан 2004
  • 506
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев пен Э.Монтескьюдің өзара сұхбаты барысында экономика және саясат саласындағы Қазақстан-Француз қарым-қатынасын дамыту, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету, сондай-ақ, халықаралық саясатқа қатысты өзекті тақырыптар, соның ішінде лаңкестікпен күрес мәселесі сарапқа салынды.

Елбасы республикамызда индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асырыла бастауына байланысты Қазақстан мен Франция арасында жоғары технологиялар саласындағы экономикалық әріптестік аясын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті. Н.Назарбаев Қазақстан нарығындағы Француз капиталының үлес салмағын арттыруды қолдайтындығын білдірді.
Сенатор Э.Монтескью Қазақстан басшылығының экономикалық және саяси реформалар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Бұл табыс, сенатордың пікірінше, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге жақсы негіз қалауы тиіс.
Лаудер қайырымдылық қоры мен «Эсте Лаудер» концернінің төрағасы Рональд Лаудермен кездесуде Н.Назарбаев Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі, екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі пәрмендендіру мәселелерін тілге тиек етті.
Тараптар сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдениет саласындағы өзара алыс-берісті дамыту мәселесіне назар аударды. Р.Лаудер американдықтар тарапынан қазақ халқының мәдениеті мен өнерін кеңінен зерттеуі қажеттігіне тоқталып, бұл бастаманы жан-жақты қолдауға әзірлік танытты. Кәсіпкер сондай-ақ, Қазақстан халқы мен республика басшылығына АҚШ пен оның халқына деген айнымас достық ниеті үшін ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар