Мемлекет басшысы Қазақстанның қор рыногын дамыту мәселесі бойынша әрекетсіздігі үшін үкіметті сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстанның қор рыногын дамыту мәселесі бойынша әрекетсіздігі үшін үкіметті сынады

Мемлекет басшысы Қазақстанның қор рыногын дамыту мәселесі бойынша әрекетсіздігі үшін үкіметті сынады

"Үкімет пен Ұлттық банк Қазақстанның қор рыногының дамуы тежелуге байланысты туындаған қиындықтарды жеңуге қадамдар жасауы тиіс". Бұл туралы бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Президенттің айтуынша, Қазақстан экономикасы «қаржылық ресурстардың потенциалдық инвесторлар қолынан қарыз алушыларға ұйымдасқан түрде көшуін қамтамасыз етуші маңызды экономикалық буын ретінде» қаржылық рыноктың ролін түбегейлі кеңейтуі қажет.

Елбасы осы орайда қор рыногын дамытуға бағытталған әрекеттерді күшейту жөнінде бұған дейін де бірнеше мәрте үкіметке тапсырма бергенін еске салды. «Алайда рынок күні бүгінге дейін жұмыс істей алмай отыр»,- деді ол. «Қор рыногын дамытпайша біз бір аяғы жоқ ақсақтың кейпіндеміз, соның салдарынан бізге ешкім келе алмай отыр»,- деді Н.Назарбаев.
Депутаттар мен отырысқа қатысушы үкімет мүшелерін мемлекет басшысы қор рыногын дамыту бағытында батыл қадамдар жасауға шақырды.

Перейти к новостям спорта