Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне еліміздің сыртқы саясатының тұжырымдамасының жаңа редакциясының жобасын жасауды тапсырды
Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне еліміздің сыртқы саясатының тұжырымдамасының жаңа редакциясының жобасын жасауды тапсырды. Ол бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Сыртқы саясат саласына келсек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келеі жылдың бірінші жартысына сыйғызып еліміздің сыртқы саясатының тұжырымдамасының жаңа редакциясының жобасын жасауды тапсырамын", -деді Н. Назарбаев.
Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада "Қазақстанның әлемдік сахнадағы субъект ретіндегі рөлінің арта түскенін көрсетуге тиіс". "Онда әлемдегі қазіргі ахуалға терең талдау жасалып, маңызды халықаралық проблемалар бойынша біздің ұстанымымыз, сыртқы саяси мүдделеріміз, ғаламдық және аймақтық істердегі біздің рөліміз айқын таныстырылуға тиіс", - деді президент.
"Біз өз елімізді басымдық берілген бағыттарда тиімді әрі өзара пайдалы серіктестіктермен байыта түсуге тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін