А.Жұмағалиев президентті компанияның ағымдағы жұмысы туралы және «Қазақтелеком» АҚ-ының 2017 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта екі ірі серпінді жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «NGN» байланысының жаңа форматын дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді телефонмен қамтамасыз ету жобалары.
«Біздің жобамыз Қазақстан Республикасының барлық елді мекендерін телефон байланысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың өзінде ауылдың әр тұрғыны туысқандарымен телефон байланысы арқылы хабарласуға қол жеткізеді», — деді А.Жұмағалиев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті