"Қазақстан Ош облысындағы адамдардың қазасына әкелген жер сілкінісі туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтуымды және болған іске болаттай берік болуларын жеткізуіңізді сұраймын", - делінген жеделхатта.