Мемлекет басшысы Ресей, Италия және Ауғанстан елшілерінің сенімхаттарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Ресей, Италия және Ауғанстан елшілерінің сенімхаттарын қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей, Италия және Ауғанстан елшілерінің сенімхаттарын қабылдады

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ресей елшісі Михаил Бочарников, Италия елшісі Бруно Антонио Паскуино, Ауғанстан елшісі Азиз Арианфардың сенімхаттарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Ресей басшылығы Қазақстанмен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға айрықша маңыз беруде»,- деді рәсімнен кейінгі брифингте Ресей елшісі М.Бочарников.

«Қазірде екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастар биік деңгейге көтерілді. Мәселен, өзара тауар айналымымыз кейінгі жылдары қарқынды өсті»,- деді Ресей елшісі. «Біздің бағалауымызша, ағымдағы жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 млрд. долларға жетеді»,- деді ол.

Елшінің пікірінше, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бірінші кезекте экономика, энергетика, ғарыш саласы мен атом өнеркәсібі саласында қарқынды дамып келеді.

Қазақстан мен Италия арасындағы екі жақты қарым-қатынастың дамуына Италияның Қазақстандағы елшісі Бруно Антонио Паскуино да жоғары баға берді.

«Қазақстан президентімен кездесуде біз Италия бизнесінің ауылшаршуалылығы, жоғары технологиялар мен қызмет көрсету салаларына атсалысу мүмкіндіктерін талқыладық»,- деді ол.

Елші сондай-ақ Италияның саяси және гуманитарлық салаларда Қазақстанмен екі жақты ынтымақтастық аясын кеңейте түсуден мүдделі екенін жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта