Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің негізгі принциптері туралы меморандум дайындауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің негізгі принциптері туралы меморандум дайындауды тапсырды

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің негізгі принциптері туралы меморандум дайындауды тапсырды

  • 14 Қазан 2008
  • 1089
Фото - Caravan.kz
Астана. 14 қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы үкіметке екі аптаның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің негізгі принциптері туралы меморандум дайындауды тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап. 
 
Жарлықта атап көрсетілгеніндей, «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен 1)»Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі казақстандық холдингі акционерлік қоғамы мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік коғамын біріктіру жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын құрады. Қорды — негізгі мақсаты ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындалады. «Екі апта мерзімде Қор қызметінің негізгі принциптері туралы меморандум дайындауды қаулы етемін»,- делінген. 
 
Сондай-ақ, жарлықта: мемлекеттік акциялар пакеттері Қордың жарғылық капиталына берілетін, соның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы», «Еuгаsіаn Nаtural Resources Corporatіon», «Қазақмыс» корпорациясы», «Қазақстандық ипотекалық компания», «Қазақстандық ипотекалык кредиттерге кепілдік беру қоры», «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік коғамдарын қамтитын: «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қатысты — кейіннен жарғылық капиталға берумен сенімгерлік басқаруға берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді қамтамасыз ету тапсырылған. 
 
Қорды тіркеу рәсімін жүргізгеннен кейін бір апта мерзімде, кейіннен жарғылық капиталға берумен сенімгерлік басқаруға берілетін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын коспағанда, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін оның жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз ету жүктелген. 


 
Бір ай мерзімде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етілуге тиіс. 
 
Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар